Қазақстандық теннисші бір аптада қатарынан екінші рет финалда жеңілді
16.06.2025 13:06
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен ірі турнирде жеңіске жете алмады., деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Финалда Данилина мен ресейлік Диана Шнайдер жұбы америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схурспен кездесіп, жеңіліс тапты.
Төртінші нөмірмен тіркелген Мухаммад пен Схурс жұбы 7:5, 6:7 (3:7), 10:4 есебімен жеңіске жетті. Ал Шнайдер мен Данилина екінші нөмірмен тіркелген болатын.
Матч 1 сағат 44 минутқа созылды.
Айта кетейік, Анна мен Диана бұл турнирде алғаш рет жұп болып өнер көрсетті.
Сонымен қатар Данилина WTA жұптық рейтингіндеҚаза 9-орында тұр.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Франция ашық біріншілігінің финалында жеңіліс тапқан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

