Қазақстандық теннисші Австрияда үздік шықты
17.07.2023 00:26
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен дуэтте Зальцбургтегі "Челленджер" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан-Украина дуэті жүлде қоры 145 мың еуро ATP Challenger 125 SALZBURG OPEN 2023 турнирінде жұптық сында жарыстың үшінші ракеткалары ретінде бастаған.
Финалда Голубев пен Молчанов үндістандықтар Анируда Сандрасекара/Виджай Сундар Прашантоманы 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңді.
Бұл Голубевтің "Челленджерлердің" жұптық сындардағы 16 жеңісі (оның ішінде екеуі осы маусымда).
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

