Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рекордық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық теннисші 23-тен 21-орынға көтерілді. Бұл – оның әлемдік рейтингідегі ең үздік нәтижесі.

Сондай-ақ Александр Шевченко 57-ден бірден 45-ке шықты.

Манама (Бахрейн) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 231-ден 163-ке жоғарылап, еліміздің үшінші ракеткасы атанды.

Денис Евсеев 178-ден 179-ға, Бейбіт Жұқаев 189-дан 192-ге, Тимофей Скатов 276-дан 277-ге сырғыды.