Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекорд жаңартты
05.02.2024 14:30
Фото:
ktf.kz
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жекелей және жұптық сында теннисшілердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы үштік өзгеріссіз: серб Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас, ресейлік Даниил Медведев.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-орыннан 23-орынға көтеріліп, рейтингте өз рекордын жаңартты. Жақында ғана еліміздің азаматтығын алған Александр Шевченко үш саты жоғарылап, 56-орынға тұрақтады. Денис Евсеев – 177-ші, Бейбіт Жұқаев 191-орында тұр.
Жұптық сында Рохан Бопанна (Үндістан), Мэттью Эбден (Австралия) және Остин Крайчек (АҚШ) көш басында келеді.
Отандық теннисші Александр Недовесов – 48-ші, Андрей Голубев 63-орынға жайғасты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

