Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде үздік бестікке енді
06.01.2025 22:47
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік жасөспірімдер рейтингінде үздік бестікке енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық теннис федерациясы ІТҒ жасөспірімдер рейтингін жаңартты. Бұл тізімде отандасымыз Әмір Омарханов бірден он сатыға жоғарылап, алғашқы төрттіктен орын алды.
Аяқталған маусымда ол жекелей сында Бейжіңдегі J300 турнирінде және жұптық үш ірі жарыста жеңіске жетті, оның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl да бар.
Сонымен қатар 16 жасар Заңғар Нұрланұлы да 36 сатыға жоғарылап, 38-орынға жайғасты. Нұрланұлы 2024 жылы жекелей сында үш турнирде үздік шықты: Измирдегі J100, Шымкенттегі J200 және Латвиядағы J100.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

