Қазақстандық тауарларға баж салығын салу: Тоқаев Трампқа жауап берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.
Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.
Қазақстан президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді, - дел, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.
Естеріңізде болса, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми хат жолдап, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АҚШ-қа экспортталатын қазақстандық тауарларға 25 пайыздық тариф енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

