Қазақстандық танымал спортшылар кездесті
Мөлдір Қайнар тілші
15.01.2024 12:13
Фото:
instagram.com/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов кездесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуден естелік фотоны боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз Instagram парақшасында жариялап, жазба қалдырды.
Көк ту желбірей берсін! Шавкат бауырыма тек сәттілік тілеймін! - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Жәнібек кәсіпқой бокста 15 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, Шавкат кәсіби мансабында 18 жекпе-жектің барлығында басым түскен.

