Жаңалықтар

Қазақстандық танымал блогер ана атанды

Қазақстандық танымал блогер ана атанды
Фото: instagram.com/abilovva_m 10.09.2024 15:45 492

Қазақстандық танымал блогер Мерей Әбілова тұңғыш баласын дүниеге әкелді. Бұл туралы ол оқырмандарына Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желі жұлдызы перзентханада түскен суретін жариялап, халықтан сүйінші сұрады.

Қош келдің өмірге, қызым, - деп жазды ол.

Блогер 5 қыркүйек күні босанса да, жаңалықты елге тек бүгін жария етті.

Желі қолданушылары Мерей Әбілованы жарыса құттықтап жатыр.

«Бауы берік болсын», «Алланың сүйікті пендесі болсын», «Құтты болсын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын», «Жандарым», - деп оқырмандар суреттің астына пікір қалдыруда.

Әлеуметтік желінің жұлдызы қызының есімін Мариям деп қойған. Айта кетейік, Мерей Әбілованың туған әпкесі Аружан Әбілованың да қызының есімі Мариям деп қойылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ABILOVVA MEREY (@abilovva_m)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға