Қазақстандық талапкерлер үшін Венгрияда оқуға 250 грант бөлінді
16.11.2024 06:32
Фото:
© Freepik.com
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2025-2026 оқу жылына 250 оқу гранты бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
- Бакалавриат – 110 орын
- Магистратура – 90 орын
- Бакалавриат + магистратура – 30 орын
- Докторантура – 20 орын
Грант мына шығындарды өтейді:
- Тегін оқу
- Стипендия
- Жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтерге ай сайынғы
40 000 HUF көлеміндегі өтемақы) - Медициналық сақтандыру
Құжаттар 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы қабылданады немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

