Жаңалықтар

Қазақстандық тағы бір спортшы UFC-де өнер көрсетеді

Қазақстандық тағы бір спортшы UFC-де өнер көрсетеді
Фото: Видеодан алынған кадр 02.10.2024 09:17 147

UFC президенті Дана Уайт жеңілмеген қазақстандық ММА шебері Дияр Нұрғожайдың әлемдегі ең мықты промоушенге қосылғанын ресми хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Dana White’s Contender Series турнирінің қорытындысы бойынша Уайт пен жүргізуші Лаура Санко UFC ростерін толықтырған спортшылардың аттарын атады. Дияр Нұрғожай бұл аламанда қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберген болатын. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз поляк Бартош Шевчукті «хайкик» соққысымен теуіп құлатты.

Бастан керемет соққы. Рекорд 10-0, 27 жаста, алты нокаут, екі сабмишен. Жартылай ауыр салмақ дивизионы мықты спортшымен толықты. Мұнда кел, — деді Дана Уайт.

Дияр Нұрғожай, UFC-ге қош келдің! — деп қосты Лаура Санко.

Айта кетейік, қазіргі таңда UFC-де  елімізден бес спортшы бар. Нұрғожайдан бөлек, Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсұм мен Николай Веретенников төбелесіп жүр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға