ҚР ҰОК

Қазақстандық тағы бір дзюдошы Универсидада жүлдегер атанды

Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев үздік үштікке енді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үшінші орын үшін жекпе-жекте украиналық спортшы Микита Холобородконы жеңіп, қола медальға ие болды.

Бұл – Қазақстан құрамасының дзюдо бойынша осы турнирдегі екінші медалі. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан да қола жүлдеге ие болып, шешуші кездесуде грузиялық қарсыласы Лука Модебадзені жеңген еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде дзюдо бойынша екі, ал жалпы есепте он медаль бар: бір алтын және тоғыз қола.