Қазақстандық тағы бір дзюдошы қола жүлдегер атанды
25.09.2023 15:57
Фото:
Facebook/Kazakhstan Judo Federation
Азиада-2023-те Ханчжоуда (Қытай) дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Абылайхан Жұбаназар мен өзбекстандық Мусо Собиров арасында үшінші орын үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлесіміз Golden score (иппон) арқасында қарсыласын жеңіп, қоржынымызға қола медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Жұбаназар Гонконг пен Бахрейн өкілдерінен басым түссе, жартылай финалда тәжікстандық спортшы Сомон Махмадбековтен жеңіліп қалды.
Бұған дейін дзюдошылар арасында Азия ойындарында Мағжан Шамшадин мен Эсмигуль Куюлова қола жүлдегер атанса, Абиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

