ҚР ҰОК

Қазақстандық таеквондошы – Азия ойындарының қола жүлдегері

28.09.2023 13:00

Жансель Дениз Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына кезекті қола жүлде түсті. Бұл жолы таеквондошы аруымыз үздік үштіктің қатарына енді.

+67 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Жансель жартылай финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ли Да Биннен жеңіліп, Азиаданың қола жүлдесін еншіледі.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ