Қазақстандық студент ІІІ Түркі универсиадасында чемпион атанды
ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстарының алғашқы күнінде қазақстандық студент ел қордынына алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Данияр Құлушев 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде урнирдің алғашқы чемпионы атанды.
Біз студентіміздің жеңісімен мақтанамыз. Данияр ерік-жігерін, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетіп, қазақстандық жастардың халықаралық аренада табысты бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл медаль – спортшының, жаттықтырушылардың және университеттің жүйелі еңбегінің нәтижесі. Данияр Құлушевтің жеңісі Қазақстанның медаль қорын ашып қана қоймай, елдің халықаралық деңгейдегі студенттік спорттағы беделін нығайтты,-деп жазды желі парақшасында Ғылым және жоғары білім министрі.
Айта кету керек, ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстары алдағы күндері де жалғасады. Қазақстандық спортшылар жүлде қорын толықтыруға барлық мүмкіндікке ие.

