Жаңалықтар

Қазақстандық студент Голливудта жеті бірдей жүлдеге ие болды

Қазақстандық студент Голливудта жеті бірдей жүлдеге ие болды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 21.08.2024 12:19 387

Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Голливудта өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысты.

Әлихан «актерлік өнер», «вокал» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсетті.

Әлихан Нұржауов үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса қазақстандық студентке кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталды.

Нәтижесінде әлемдік модельдердің үштігіне енген ол енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

Әлихан Алматы қаласында туған. Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығын меңгеруде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға