Жаңалықтар

Қазақстандық студент БРИКС V спорттық ойындарының жүлдегері атанды

Қазақстандық студент БРИКС V спорттық ойындарының жүлдегері атанды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 25.06.2024 22:33 376

Shakarim University оқу орнының 3-курс студенті, дзюдошы Жалғас Қайролла Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен БРИКС V спартакиадасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы медальдық есепте 10-орынға ие болды. Команда қоржынында 2 алтын, 10 күміс және 17 қола медаль бар. Татарстан астанасы 90 елден келген 5 мыңнан астам спортшыны қабылдады. Спорттың 27 түрінен барлығы 387 медаль сарапқа салынды. 
 
Жалғас Қайролланың бапкері Ерасыл Оспанов бұл жүлде спортшының халықаралық деңгейдегі алғашқы жетістігі емес екенін атап өтті.

2023 жылдың шілдесінде 29 елден 300-ге жуық спортшылар бәсекеге түскен Berlin Junior European Cup 2023 турнирінде Жалғас өз командасына күміс медаль алып келді. Берлинде өткен еуропалық кубокта командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленген болатын, - деді бапкер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға