Туризм және спорт министрлігі 5-11 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6-11 мамыр: Садақ атудан Әлем кубогі кезеңі
Қазақстан құрамасынан 9 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шанхай қ., Қытай.
6-16 мамыр: Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты
Сары құрлық додасында 15 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Цзяншань қ., Қытай.
7-11 мамыр: Стенд атудан Гран-при турнирі
Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 6 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Пльзень қ., Чехия.
8-10 мамыр: Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты
Жарыста 24 отандасымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Наньчан қ., Қытай.
8-11 мамыр: Спорттық гимнастикадан Challenge Cup 2025 – Әлем кубогі кезеңі
Ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Варна қ., Болгария.
8-21 мамыр: Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты
Жаһандық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Хернинг қ., Дания.
9-11 мамыр: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі
Жарыста 2 спортшымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Портимао қ., Португалия.
9-11 мамыр: Семсерлесуден халықаралық Гран-при турнирі
Қазақстан атынан 5 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Богота қ., Колумбия.
10-24 мамыр: Жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты (U-19, U-22)
Азия біріншілігіне отандық 13 былғары қолғап шебері қатысады.
Өтетін орны: Коломбо қ., Шри-Ланка.
Қазақстандық спортшылар алдағы аптада қандай жарыстарға қатысады?
04.05.2025 18:45
Фото:
El.kz/Артем Чурсинов
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

