olympic.kz

Қазақстандық спортшы Жапонияда іріктеу кезеңінің финалына шыға алмады

29.07.2023 18:20

Қазақстандық Әділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында  жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына қатысты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Өкінішке қарай отандасымыз 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуден турнирдің финалына өте алмады.

Жартылай финалда Мусин жетінші болды. Ол 51,81 секунд уақытта жүзіп келді. Нәтижесінде өз өнерін 14-ші орында аяқтады.

Айта кетейік, ол квалификацияда Қазақстан рекордын орнатқан болатын.