Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Паралимпиада ойындарында рекорд орнатып, финалға шықты

Қазақстандық спортшы Паралимпиада ойындарында рекорд орнатып, финалға шықты
Фото: Paralympics.kz 05.09.2024 14:54 331

Қазақстандық пара жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали 2024 жылғы Паралимпиадада SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында Азия рекордын орнатып, финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүзуші іріктеу кезеңінде белгіленген межені 1 минут 05,11 секундта жүзіп өтіп, мәреге бірінші келді. Бұл уақыт Париж Паралимпиадасының финалына жолдама алуға жеткілікті болды. Сондай-ақ оның көрсеткіші Азия рекорды ретінде есептелді.

Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Токио-2020 Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға