Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы нысана көздеу жарысында әлем чемпионы болды

Сүйінші хабарды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жеткізді
Қазақстандық спортшы нысана көздеу жарысында әлем чемпионы болды
Фото: gov.kz 04.02.2023 18:31 2390

Қазақстандық спортшы Индонезияда өткен нысана көздеу жарысында швейцариялық олимпиада чемпионын жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отандасымыз Арина Алтухова Джакартада (Индонезия) өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

«Арина 50 метрдегі нысананы шағын калибрлі мылтықтан үш қалыпта ату бойынша қыздар арасындағы «алтын финалда» (golden match) Швейцариядан келген Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы Нина Кристенді ұтты», - деп жазды Асхат Оралов Facebook парақшасында.

19 жастағы алматылық мерген шешуші сайыста бірінші болып қажетті 16 ұпайды жинады.

«Жеке жарыстағы медальдардан бөлек, Ислам Сәтбаев, Матвей Тимофеев және Константин Малинковский бар ерлер құрамасы командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алғанын да атап өткім келеді», - дейді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға