Қазақстандық спортшы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
02.12.2024 18:30
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстандық Арина Ильященко конькимен жүгіруден Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, спортшы 500 метр қашықтықты 41.30 секундта жүгіріп өтіп, екінші нәтижені көрсетті.
Бірінші орын 40.16 нәтижесін көрсеткен италиялық Джорджия Айелоға бұйырды. Үшінші орынды 41.37 уақытымен неміс спортшысы Марлин Эхселунс алды.
Айта кетейік, бұған дейін Ильященко әйелдер құрамасында әлем кубогында қола медаль ұтып алған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

