ҰОК

Қазақстандық шаңғышылар Польшада екі медаль жеңіп алды

05.10.2025 19:05

Шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Щирк қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұлттық құрама қоржынына алтын және күміс медаль түсті.

Данил Васильев жарыс жеңімпазы атанды. Ал екінші орынға оның командаласы Илья Мизерных ие болды.

Үздік үштікті Польша спортшысы Клеменс Сташэль түйіндеді.