Жаңалықтар

Қазақстандық шахматшылар Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

8-18 жас аралығындағы Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға ие болды.
Қазақстандық шахматшылар Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
Фото: ҚШФ баспасөз қызметі 22.10.2022 23:39 1268
Индонезияда классикалық шахмат, рапид және блицтен ұлдар мен қыздар арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады El.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
8-18 жас аралығындағы Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға ие болды.
 
"Біздің команда Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды. Жарысқа Қазақстан чемпионатында екінші орын алған шахматшылар қатысты. Блиц бойынша алты медаль жеңіп алдық. Классикада сәттілік серік болмады, төрт төртінші орынмен аяқтадық", - деді балалар-жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Антон Филиппов.
 
Қазақстан шахмат федерациясы атқарушы директорының айтуынша, Азия чемпионаты халықаралық жарыстар күнтізбесінде маңызды орын алады.
 
"Шәкірттеріміздің осындай жетістікке жетіп жатқанын мақтан тұтамыз. Біздің федерация мемлекеттік органдармен және демеушілермен бірлесіп жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі. Біз атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында спортшыларды алдағы жеңістерге ынталандыра аламыз деген сенімдеміз", - деді ол.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға