instagram/әлеуметтік желісі

Қазақстандық шахматшы Испанияда күміс жүлде жеңіп алды

Испанияның Сан-Бой-де-Льобрегат қаласында өткен VI Elllobregat Open халықаралық шахмат турнирінде қазақстандық шахматшы қыз Меруерт Камалиденова әйелдер арасында күміс медаль иегері атанды. деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бастапқы рейтингі 2343 болған қазақстандық шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап, 33 мемлекеттен жиналған 132 қатысушының ішінде жалпы есепте 24-орыннан көрінді.

Әйелдер бәсекесінде Камалиденова үндістандық Вантика Агравалдан ғана қалып, турнирдің вице-чемпионы мәртебесіне ие болды. Оның осы жарыстағы нәтижесі 300 еуро көлеміндегі жүлдемен бағаланды.

2025 жыл Меруерт үшін өте сәтті өтті десек, қателеспейміз. Сәуір айында ол Азияның 3-4 аймақтық чемпионатында қола медаль жеңіп алса, мамырда өткен Қазақстан чемпионатында да қола жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ блиц бойынша өткен әлем чемпионатында ФИДЕ тәртібіндегі командалық және жеке сындарда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бұдан бөлек, ол әйелдер арасындағы Әлем кубогінде 1/8 финалға дейін жетіп, 2023 жылғы әлем чемпионы Александра Горячкинаны сенімді түрде жеңіп, турнирдің ең жарқын сенсациясын жасаған еді. Сонымен қатар командалық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4-орын алып, Меруерт екінші тақтада үздік нәтиже көрсеткен спортшы ретінде танылды.

Айта кетейік, мемлекет басшысының жас шахматшылармен кездескені жайында жазған еді.