Қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды
16.10.2023 15:31
Фото:
instagram.com/kzchessfederation
17 жастағы Ксения Балабаева Италияда шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем біріншілігі Италияның Пула қаласында өтіп, қазақстандық ұжым бес медаль жеңіп алды.
Блицтен әлем чемпионатында Ксения – алтын, Әмина Қайырбекова – күміс және Арыстан Исанжұлов қола медаль иеленді, - делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Мұның алдында Ксения Балабаева мен Зейнеп Сұлтанбек жылдам шахматтан әлем чемпионатында күміс пен қола жүлдені жеңіп алды!
Назерке Нұрғали 4-орынға, ал Лия Құрманғалиева лайықты өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

