Қазақстандық шабуылшы Ресей футбол клубына ауысты
06.08.2024 18:33
Фото:
t.me/akhmatgrozny
Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін «Ахмат» клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовпен төрт жылдық келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шабуылшы «Ақтөбе» клубының түлегі. Грозный командасына ауысқанға дейін ол өз клубында 94 матч өткізіп, 18 гол соқты.
2021 жылдан бері Қазақстан құрамасында ойнайды. Қазақстан құрамасын «Ахматтың» қазіргі бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырған болатын. Самородовтың жасы ¬22-де, бойы ¬– 180 см, салмағы – 74, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

