Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
06.01.2025 07:27
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Базельде өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Командалық жарыста еліміздің намысын Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов және Георгий Тинников қорғады. Жартылай финалда қазақстандық шпагашылар Швеция құрамасынан басым түсті. Ал алтын медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Мысыр спортшыларына есе жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үшінші орын алған еді. Сонымен қатар жекелей сында Софья Ақтаева жеңімпаз атанды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

