Қазақстандық самбошы Арайлым Әбенова әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, самбодан Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатының шешуші күнінде аса ауыр салмақта әйелдер арасында бақ сынаған Арайлым Әбенова финалда Ресей спортшысы Жанара Кусанованы 6:0 есебімен айқын жеңді.
Осылайша ол қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет аса ауыр салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп отыр.
Арайлым ширек финалда филиппиндік Сидней Сиден басым түссе, жартылай финалда румыниялық Бланка Проданды ұтты.
1992 жылдан бері қатысып келе жатқан жерлестеріміз үшін бұл әлем чемпионатындағы 27-алтын жүлде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

