Жаңалықтар

Қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді

Қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 14.03.2023 09:12 854

Үкіметі осындай Қаулы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді.  

Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі мүмкін қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады. Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70 пайызы. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді, - делінген Үкіметтің ресми сайтында.

ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады.

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға