Жаңалықтар

Қазақстандық қос боксшы допингке байланысты спорттан 3 жылға шеттетілді

Қазақстандық қос боксшы допингке байланысты спорттан 3 жылға шеттетілді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 09.07.2023 17:57 1222

Бокстан ұлттық құраманың қос мүшесі Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік 2026 жылға дейін допингтпен ұсталуына байланысты спорттан шеттетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 

Белгілі спортшы Абзал Серік 20 жастағы талантты спортшы. Ол былтыр өткен «Elorda Cup» турнирінде 67 келі салмаққа ауысып, финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовты 4:1 есебімен жеңіп еді. Биыл 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Өзбек бапкерлері дәл осы боксшыны ерекше атап өтіп, мақтаған болатын. Жастар арасында Азия чемпионы. 2021 жылы 63,5 келі салмақта Қазақстан чемпионатының финалына шығып, Ділмұрат Мижитовтан 2:3 есебімен жеңілген.

Ал маңғыстаулық Саматәлі Төлтаев – 60 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022), жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионы. Таяунда оның сынамасынан тыйым салынған препараттар табылғаны туралы дерек айтылған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға