Қазақстандық қақпашы «Реал Мадрид» жұлдызымен кездесті
01.07.2023 13:50
Фото:
instagram.com/leohiguita2
Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны әрі қақпашысы Игита «Реал Мадрид» пен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниормен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің үздік қақпашысы Instagram-дағы парақшасында жұлдызды футболшымен бірге түскен суретін жариялады.
«Жеке танысқаныма өте қуаныштымын!» - деп жазды Игита.
Бұл суреттің астына Винисиустің өзі де пікір қалдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

