Жаңалықтар

Қазақстандық полицияда 700-ге жуық қызметтік ит бар

Қазақстандық полицияда 700-ге жуық қызметтік ит бар
Фото: gov.kz 24.10.2023 20:32 676

Қызметтік иттердің қылмыстарды ашуға және құқықтық тәртіпті күзетуге қатысуы – полиция қызметінің маңызды бағыты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кинологиялық қызмет орталықтары барлық облыстық полиция бөліністерінде жұмыс істейді. Онда кинолог-мамандар оқытылып, өздерінің төртаяқты әріптестерін жаттықтырады. Асыл тұқымды иттерден туылған күшіктерді тестілеуден өткізіп, қызметке іріктейді. Таңдап алынғандарға жалпы тыңдау күрсын жүргізеді.

ІІМ Кинологиялық орталығы ішкі істер органдары кинология қызметінің үйлестіруші орталығы болып табылады.

Қазір бұл орталықта кинолог-мамандарды және қызметтік иттерді дайындаудың кезекті курсы аяқталды.

Еліміздің әр өңірінен келген 25 полицей-кинолог екі ай бойы өздерінің төртаяқты әріптестерін жарылғыш заттарды іздеу, қаруланған қылмыскерлерді ұстау, сондай-ақ көшені патрульдеу бойынша үш бағытта жаттықтырды.

Полицейлер өздерінің жануарларымен бірге үй-жайларды, багажды, көлік құралдарын тексеруді үйренді, ғимараттарға шабуылдар жасады, шартты қаруланған қызметкерлерді залалсыздандырып, тонаушылар мен бұзақыларды іздестірді.

ІІМ Кинологиялық орталығында қызметтік иттерді жаттықтырудың және полиция, Ұлттық Ұлан, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін кәсіби оқытудың бірегей бағдарламалары әзірленді.

Қазақстанның күштік құрылымдарының кинологиялық қызметтері арасында оның аналогтары жоқ. Мұнда мамандар полиция қызметінің барлық бағыттары бойынша білім алады және практикалық түрде дағдыланады.

Орталықтың мамандарымен иттерді жаңа психикобелсенді заттар іздеуге үйретудің әдістемесі әзірленді. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша қара нарықта ең көп тараған синтетикалық есірткі альфа-PVP және мефедронның иіс имитаторларын пайдалана отырып, 23 кинолог қызметтік иттерімен бірге үйретілді.

– Биыл өздерінің жануарларымен бірге кинологотардың қатысуымен 260-тан астам есірткі қылмысы ашылды, 6 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 7,5 келіден астам синтетика тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің кинологиялық қызмет басшысы Алмас Кунтуов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға