Қазақстандық оқушылар информатикадан олимпиадада төрт медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар информатикадан Халықаралық олимпиадада төрт медаль ұтты
, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды. Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады.
Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;
Мансур Мамадахунов, —Қызылорда облысы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
Әкежан Асқар — Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
Даужан Бекетов — Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері: Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай.
Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды.
Жеңімпаздарды, олардың жетекшілерін және ата-аналарын зор жетістігімен құттықтаймыз! Бұл – еліміздің халықаралық беделіне қосылған сүбелі үлес.

