Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар химиядан халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар химиядан халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 19.06.2023 11:15 802

Қазақстан құрамасы химия пәнінен әл-Бируни атындағы халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.​

Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің үш континентінің 16 елінен 130 жас ғалым қатысты. Қазақстан ұлттық командасының құрамына химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының төрт жүлдегері енген болатын. Төртеуі де әл-Бируни атындағы олимпиада жүлдегері атанды. Олар:

Әділжан Молдағұлов— Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;  

Диас Қоршыбек — Жамбыл облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Әлихан Смет — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Инсар Имаш — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы. 

Айта кетейік, Әбу Райхан әль-Бируни атындағы халықаралық олимпиада Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Олимпиада екі кезең бойынша өтті, қатысушылардың білімі мен әлеуеті жазбаша және практикалық зертханалық жұмыстармен бағаланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға