Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар халықаралық жаратылыстану ғылыми олимпиадасына қатысуда

Қазақстандық оқушылар халықаралық жаратылыстану ғылыми олимпиадасына қатысуда
Фото: gov.kz 05.12.2023 00:28 626

Бангкок қаласында Жасөспірімдер арасындағы «IJSO» халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы басталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады: тест, теориялық және эксперименттік, онда қатысушылар физика, химия және биология бойынша білімдерін көрсетуі керек.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының атынан алты оқушы қатысады:

Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы,

Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы,

Дария Бектұрсын, Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы,

Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы,

Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы,

Иван Рудик, Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы.

Құрама команданың жетекшілері:

Самат Максутов, PhD доктор, Сүлейман Демирел университетінің доценті,

Аскар Мажикенов, Назарбаев Университеттің магистранты.

Айта кетейік, Жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) 2004 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

2022 жылы Қазақстан құрама командасы 1 күміс және 5 қола жүлделеріне ие болды.

IJSO - ға қатысқан барлық жылдары Қазақстан құрама командасы 53 жүлдеге ие болды, оның ішінде: 2 алтын, 9 күміс және 42 қола.

Олимпиаданың қорытындысы 9 желтоқсанда жабылу салтанатында жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға