Қазақстандық оқушылар Азия физика олимпиадасынан жүлделі оралды
Мөлдір Қайнар тілші
4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті, Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті — барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды.
Күміс медаль иегерлері:
- Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;
- Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
- Амир Пшенбаев – Spectrum International School, Астана қаласы;
- Артур Ким – Spectrum International School, Астана қаласы.
Қола медаль иегерлері:
- Роман Черемнов – Miras International School, Алматы қаласы;
- Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі, Астана қаласы;
- Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
- Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы НЗМ.
Команда жетекшілері — Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.

