ҚР ҰОК

Қазақстандық он боксшы жартылай финал жолдамасына таласады

10 желтоқсан, сәрсенбі күні, Дубайда (БАӘ) IBA-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында он қазақстандық боксшы ширек финалдық кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жартылай финал жолдамасы үшін Қазақстан атынан мына спортшылар жұдырықтасады:

Теміртас Жүсіпов (48 кг), Даниял Сәбит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг).

Айта кетейік, әлем чемпионатының жартылай финалына өткен боксшылар кем дегенде қола медальға қол жеткізеді.

Жекпе-жек кестесі (Астана уақытымен):

18:15 – 48 кг: Теміртас Жүсіпов – Лал Прасад Упрети (Непал)

18:45 – 54 кг: Сәкен Бибосынов – Мвенго Мвале (Замбия)

19:00 – 60 кг: Серік Теміржанов – Акмал Убайдов (Тәжікстан)

19:30 – 67 кг: Санатәлі Төлтаев – Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)

20:15 – 75 кг: Сабыржан Аққалыков – Мирослав Капулер-Ищенко (Израиль)

21:15 – 92+ кг: Нұрлан Сапарбай – Давит Чалоян (Армения)

22:15 – 51 кг: Даниял Сәбит – Патрик Чиньемба (Замбия)

22:30 – 57 кг: Оразбек Асылқұлов – Карлос Мартинес Бернад (Испания)

23:15 – 63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов – Ахмад Штиви (Израиль)

23:45 – 71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Сархан Әлиев (Әзербайжан).