Жаңалықтар

Қазақстандық модель Скарлетт Йоханссонмен бірге жарнамаға түсті

Қазақстандық модель Скарлетт Йоханссонмен бірге жарнамаға түсті
Фото: Видеодан алынған кадр/instagram.com/bibisharipova 15.06.2023 15:07 732

Bibi деген лақап атпен танымал қазақстандық модель Бибісара Шәріпова америкалық актриса Скарлетт Йоханссонмен бірге жарнамаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Косметика брендінің жарнамасын Бибісара Шәріпова өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Бибісара Шәріпова Степногорскіде туған, анасының арқасында 13 жасында сән әлеміне бет бұрып, 2008 жылы Top Model Asia финалисі атанды, осыдан соң оны Нью-Йоркке жұмысқа шақырды. Содан бері бойжеткен талай сән үйінің көрсетілімдеріне қатысты. Шәріпованың Benetton, Uniqlo, Salvatore Ferragamo, Puma, Schwarzkopf компанияларымен келісімшарттары бар.

Ал 2015 жылы қазақстандық жапонның қыз киім өндіретін Uniqlo компаниясының жұлдызына айналды.

Шәріпованың суреттерін Vogue, Elle, Harper's Bazaar секілді журналдар жариялаған. Одан қалды Нью-Йорк, Париж және Токио сән апталықтарына қатысқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bibissara Sharipova (@bibisharipova)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға