Қазақстандық министрлер мектеп алдына ағаш отырғызды
13.10.2024 01:12
Фото:
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен оқу ағарту министрі Ғ.Бейсенбаев Астана қаласындағы №103 мектепте болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, өз сөзінде экология министрі Экологиялық мәдениет тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау маңыздылығы, өткізіліп жатқан экологиялық науқандар және т.б. шараларды атап өтті.
Іс-шара барысында «Жасыл Даму» АҚ өкілдері жиналғандарға қалдықтарды жинау жүйесін көрсетті, мектепте фандомат құрылғысы орнатылды.
Екі министрдің қатысуымен мектеп алаңында да ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

