Қазақстандық мергендер Әлем кубогының финалдық кезеңінде бақ сынайды
15.10.2024 23:47
Фото:
ҚР ҰОК
Делиде (Үндістан) спорттық атудан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.
Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.
Айта кетелік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.
Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ.Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

