Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиадаға шыға алмады
21.09.2025 15:07
Фото:
ҰОК
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілдері Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу үшін сынға түсті. Жолдамаға қол жеткізу үшін үздік төрттікке ену қажет еді.
Алайда бұл міндетті орындау мүмкін болмады. Еркін бағдарламада Датиев пен Наурызова 15-орынға табан тіреді. Қорытынды есепте олар 134.78 ұпай жинап, жалпы 15-орынға тұрақтады.
Олимпиадалық жолдамаларды Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) - 198.73, Холли Харрис/Джейсон Чан (Аустралия) - 183.50, София Валь/Асаф Казимов (Испания) - 170.32 және Шиюэ Ван/Синьюй Лю (Қытай) - 168.83 ұпаймен иеленді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

