Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при кезеңінде жүлдегер атанды
08.11.2025 17:40
Фото:
ҰОК
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қысқа бағдарламада Софья уақытша екінші орынға орналасқан еді.
Нәтижесінде ол өз орнын сақтап қалды.
Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 132,25 ұпай жинап, үшінші нәтиже көрсетті.
Жалпы есепте 200 ұпай жинаған Самоделкина турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Ол тек жапониялық Каори Сакамотоға (227,18 ұпай) ғана жол берді. Үшінші орын Бельгия спортшысы Луна Хендрикске бұйырды - 198,97 ұпай.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

