Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при финалына қатысады
28.11.2024 08:36
Фото:
ҚР ҰОК
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалына өткен тұңғыш қазақстандық атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлесіміз Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізіп, сол арқылы финалға қатысушылардың қосалқы тізіміне ілікті.
Ал 27 қарашада француз мәнерлеп сырғанаушысы Адам Сяо Хим Фа соңғы жарысында жарақат алып, Гран-при финалына қатыса алмайтыны белгілі болды. Осылайша, қосалқы тізімнің көшбасшысы ретінде Михаил Шайдоров финалға қатысуға шақырту алды.
Гран-при финалы 5-8 желтоқсанда Францияда өтеді. Михаилден бөлек пройдет ерлер арасында Илья Малинин (АҚШ), Юма Кагияма, Сюн Сато (екеуі де — Жапония), Кевин Аймо (Франция) және Даниэль Грассль (Италия) бақ сынайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

