Қазақстандық команда 120 миллион теңге тұратын футболшымен толықты
09.02.2024 17:00
Фото:
instagram.com/fc_atyrau
«Атырау» футбол клубы бразилиялық қорғаушы Матеус Барбосаны қатарына қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Transfermarkt ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 25 жастағы ойыншы командаға еркін агент ретінде келді. Матеус Барбоса мұнайлы астананың командасымен 2024 жылдың соңына дейін келісім-шарт жасады. Бразилиялықтың трансферлік құны 250 мың еуроға (шамамен 120 миллион теңге) бағаланады.
Барбоса мансабын отанында бастады және «Фигейренсе», «ПСК» мен «Пальмейрас» секілді бразилиялық клубтарда өнер көрсетті. Оған қоса, Португалияла «Мафру» және «Лореш» секілді ұжымдарда ойнады.
Айта кетейік, Матеус биылғы маусымның алғашқы бөлігін грекиялық «Илиуполис» жейдесінде өткізіп, 6 ойында 1 голмен ғана көзге түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

