Қазақстандық «классиктер» Венгриядағы турнирде ұтылды
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
10.06.2024 10:52
536
Грек-рим күресі шеберлері Венгрияның Будапешт қаласында өткен рейтингілік турнирде жеңіліс тапты. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
60 келі салмақта белдескен Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Ким Дахуннан ұтылды.
Ал 130 келідегі Әлімхан Сыздықов бірінші кезеңде тунистік спортшыға есе жіберді.
87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов словакиялық балуаннан жеңілді.
Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола медаль үшін күресте ұтылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Францияда «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды