Жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпқой боксшы жекпе-жек кезіндегі оғаш әрекеті үшін жеңістен айырылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы жекпе-жек кезіндегі оғаш әрекеті үшін жеңістен айырылды
Фото: instagram.com/kossobutskiy 27.08.2023 16:25 876

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) Талста (АҚШ, Оклахома штаты) өткен бокс кешінде жекпе-жекке қатысу құқығынан айырылды, El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Торғайлық боксшы нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) жұдырық түйістірген еді. Бұл - қазақстандық спортшы мансабындағы ең үлкен жекпе-жекке баланды. 

Ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелгенімен қазақстандық спортшы ережені бұзғаны үшін төртінші раундта жарыстан шығарылып, жеңіс Эфе Аджагбаға бұйырды. 

Осылайша, Эфе Аджагба кәсіби мансабында он сегізінші рет жеңіске жетті, ал Жан Кособуцкий бірінші жеңілістің дәмін татты. 

Жан Кособуцкий WBC International нұсқасы бойынша хэвивейт чемпионы саналады. Ол бұған дейін IBO Inter-Continental белдігін жеңіп иеленген еді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға