Қазақстандық каратешілер әлем чемпионатында топ жарды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Германияның Лейпциг қаласында IFK World Championship 2025 – Leipzig киокушин каратеден жастар мен жасөспірімдер арасында жетінші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа әлемнің 40 елінен 700-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан атынан жарысқа 50-ге жуық каратеші қатысты. Біздің ұл-қыздарымыз ел намысын лайықты қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленіп, әлемге қазақ каратэшілерінің шеберлігін паш етті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Алтын медаль иегерлері:
- Бут Виктория – 14-15 жас, 50 кг дейін
- Бут Данил – 16-17 жас, 60 кг дейін
- Күселбаев Амир – 12-13 жас, 55 кг дейін
- Нұрмұратов Ануарбек – 12-13 жас, 45 кг дейін
- Экажев Ибрагим – 12-13 жас, абсолюттік салмақ
- Хестанов Вадим – U14, 40 кг дейін
- Рубахов Кирилл – U18, 75 кг дейін
- Захарченко Камилла – U21, 55 кг дейін
Күміс жүлде иегерлері:
- Мұхамеджан Әділжан – 14-15 жас, 65 кг дейін
- Каркенова Саида – U14, 40 кг дейін
Қола жүлде иегерлері:
- Серік Ади – U18, 70 кг дейін
- Қалдыбек Бейбарыс – U18, 65 кг дейін
- Тұрыспеков Радмир – U16, 50 кг дейін
- Романұлы Руфат – U21, 70 кг дейін
- Перч Ангелина – U21, 65 кг дейін.

