Қазақстандық гимнаст Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
27.09.2025 22:38
Фото:
ҰОК
Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан құрамасының спортшысы еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Финалда отандасымыз 13.900 ұпай жинады.
Екінші орынды Болгария спортшысы Кевин Пенев (13.600) иеленсе, үшінші орынға Артем Долгопят (Израиль) (13.200) тұрақтады.

