Қазақстандық футзалшылар әлемдік рейтингіде жоғарылады
11.10.2024 17:29
Фото:
Қазақстан футбол федерациясы
Халықаралық футбол федерациясы футзалдан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатынан соң ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көш басына чемпион атанған Бразилия жайғасты. Португалия екінші орнын сақтап қалды. Үздік үштікті күміс жүлдегер атанған Аргентина түйіндеді. Бұған дейін олар екі саты төмен тұрған.
Ал Қазақстан құрамасы сегізінші орыннан бесінші сатыға көтерілді. Рикардо Кака шәкірттері ширек финалда дәл осы Аргентинаға есе жіберген – 1:6.
Үшінші орын үшін таласта Францияны ұтқан Украина (7:1) тоғызыншы орынға көтерілді.
Алғашқы ондық:
Бразилия
Португалия
Аргентина
Испания
Қазақстан
Иран
Морокко
Ресей
Украина
Франция
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

