olympic.kz

Қазақстандық екі балуан Азия чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

12.04.2024 16:42

Екі отандасымыз Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

61 келі cалмақта күресіп жатқан Асыл Айтақын жартылай финалда Акаш Дахияны (Үндістан) 11:0 есебімен жеңді. Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі. Ал Азамат Дәулетбеков (86 келі) жартылай финалда қытайлық балуан Пейлон Лиді 11:0 есебімен ұтты. Ол финалда Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевпен белдеседі. Жеңіске жетсе, Азияның үш дүркін чемпионы атанады. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола иеленді. Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола жүлде, Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс медаль еншіледі.